• Басты бет
  • /
  • "Театр баспалдақтары" қалалық байқауы
"Театр баспалдақтары" қалалық байқауы

Театр өнерін насихаттау, балалар театр ұжымдарының шығармашылық қызметін жандандыру мақсатында 6 наурызда қаланың жалпы білім беретін мектептері арасында "Театр баспалдақтары" атты қалалық байқауы өтті, оның ұйымдастырушысы қалалық балалар шығармашылығы мектебі болды. Біздің балалар қазылар алқасына 2 қойылым ұсынып, белсенді қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Ж. К. Испулованың жетекшілігімен "Ертегіде қонақта" үйірмесінің театр ұжымы "Қасқыр мен жеті қозы" орыс халық ертегісін заманауи оқылымда сахналады, ал "Балауса" үйірмесінің қатысушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Б. Жазықовамен бірлесіп "Заманауи Мақта қыз" қойылымын мемлекеттік тілде көрсетті.
Театр үйірмелерінің жетекшілеріне атқарылған жұмыстары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, соның нәтижесінде балалардың өздеріне деген сенімділіктері артты, актерлік шеберліктерін, сөйлеу қабілеттерін жақсартты.